АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің студенті Есет Нұрдәулет оқу орнының ғимаратында көз жұмды. Жедел жәрдем қызметі 2 минутта жеткенімен, үлгере алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол жалпы медицина факультетінің 2 курсында білім алған. Белсенді жас сол күні мәдени шараға қатыспақ болыпты. Ол ән айтқанды жаны сүйген. Футбол ойнағанды ұнатқан екен. Көңілді, алғыр студент болған. Бірақ демікпе дертіне шалдыққан.
«Түскі мезгілде медициналық университеттен шақырту түсті. Екі минутта оқиға орнына жеткенімізбен 19 жастағы жігіт жедел жәрдем бригадасы келмей көз жұмған. Қайғылы жағдайдың себебі медициналық сараптамадан соң анықталады», - деді Ақтөбе қалалық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Шынтасова.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.