Ақтөбеде мектеп директорлары бастауыш сынып оқушыларына кабинетін босатып берді

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік оқушылар мектеп директорларының кең кабинетіне жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде бұған дейін тар сыныпта сабақ оқыған оқушылар енді директордың кең кабинетінде білім алады. «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұсынысын №35 мектеп директоры Ержан Бақытбек бірден қабылдады. Ал директор 1-қабаттағы әйнектен жасалған бөлмеде отырады. Ашық әрі қолжетімді болу ұсынысын басшы бірден қабылдады. Енді директор оқушылардың сабаққа қатысуын, тәртібін қарап отырады. Қауіпсіздік те ескерілді. Ата-аналар да директордың жұмысымен таныса алады.

«Ақтөбе - адалдық алаңы» жобасы аясында директорларға кең де жайлы кабинетін балаларға беріп, бірінші қабатқа орналасу ұсынысы тасталды. Бүгін №20, 22, 35, 36, 38 және Қызылжар орта мектебінің директорлары бірінші қабатқа түсті. Кең кабинеттерде балалар білім алатын болады», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысының орынбасары Рафхат Бисенов.

Ал облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева ұсынысты қолдады. Алдағы уақытта мектептер мен колледж директорлары түгел бірінші қабатқа орналастырылады.

Соңғы жаңалықтар