АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Қарақұдық орта мектебінің директоры жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарақұдық ауылынан түскен хабарлама бойынша 31 жастағы Бақтыгерей Тәжмағамбетов пен 30 жастағы Нұржан Маханов өткен сенбі күні балық аулауға шығып, үйге қайта оралмаған. Ақтөбелік еріктілер бүгін өзен жағасын тінтіп шықты.
«Туыстары хабарласып, үш күннен бері байланыса алмағанын айтты. Бүгін еріктілер олар демалған өзен жағасына барып, бірінің күртесін тапты. Сондықтан еріктілер оларды өзеннен іздеу керек деп есептейді», - дейді еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотина.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.