АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде №16 мектеп мұғалімі оқушы қызға нәпсіқұмарлық сипатта күш қолданды. Қазір облыстық ішкі істер департаменті тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы №16 мектеп оқушысының ата-анасы құқық қорғаушыларға арыз түсірді. 15 ақпан күні мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушы қызға нәпсіқұмарлық сипатта күш қолданған.
«Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ата-ана полицияға арыз түсірген. Тергеу жұмыстарына байланысты қандай да бір ақпарат бере алмаймын. Ол дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, 24 жаста. Жас маман жазда ғана жұмысқа алынған. Іс тергеліп жатқан соң қызметінен шеттетілді», - деді №16 мектеп директоры Әліби Латып.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.