АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде №31 орта мектеп оқушысы 14 жастағы Айнұр Өтеген жоғалып кетті. Ол 30 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір іздестіру шарасы жүріп жатыр. Оқушы осыған дейін бірнеше рет із-түзсіз үйінен кетіп қалып, кейін аман-есен табылған»,- деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Оқушы қыздың фотосы мен байланыс телефоны әлеуметтік желі арқылы таратылып жатыр. Бойы 160-165 см. Ол үстіне жасыл түсті күртеше, қара шалбар киген. Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар адам көп шоғырланатын орындар мен жалдамалы пәтерлерді тексеріп жатыр. Демалыс орындары да басты назарда.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.