«Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғын үй қорын есепке алу секторы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйі бағыты бойынша құжаттарды қабылдау басталатындығы жөнінде хабарлайды.
Бағдарламаға тек жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтар, яғни, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар қатыса алады. Атап айтқанда:
1) Көп балалы отбасылар;
2) Толық емес отбасылар;
3) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
4) Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
5) Оралмандар;
6) Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар.
Тұрғын үй сатып алу құқығымен жалға беру арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-7 ақпаны аралығында «электрондық үкімет порталы» арқылы электрондық нұсқада қабылданатын болады.
Аталған бағдарлама бойынша Қонаев көшесінен 60 пәтер беріледі:
1 бөлмелі пәтер - 32 дана, (40,20 ш.м.-ден 42,80 ш.м.-ге дейін);
2 бөлмелі пәтер - 28 дана, (51,90 ш.м.-ден 61,50 ш.м.-ге дейін);
Тұрғын үй сатып алу құқығымен 20 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі. Тұрғын үйді жалдау ақысы 1 шаршы метр үшін 918 теңгені құрайды.
Өтініш беру кезінде қатысушы қандай ауданға және қанша бөлмеге үміткер екенін көрсету қажет. Кезек әртүрлі ауданға сәйкес құрылады.
Жарияланған пәтерлер бойынша үміткерлердің тізімі құжаттар қабылданғаннан кейін жергілікті атқарушы органға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге алғашқы өтініш берген күніне байланысты құрылады.
Жалдамалы тұрғын үйді алу үшін жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азамат төлем қабілеттілігін растауы тиіс, төлем қабілеттілікті «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тексереді.
Төлем қабілеттілігін растағаннан кейін қатысушы тұрғын үйге үміткерлер тізіміне қосылады. Үміткерлер тізімі комиссия мүшелерімен бекітіліп, тұрғын үй алу үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамына жолданады.
Жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органмен құрылған бағдарлама қатысушылар арасында келесі пропорцияға сәйкес бөлінеді:
- 50% - бірінші кіші топ қатысушылары үшін;
- 50% - екінші кіші топ қатысушылары үшін.
Бірінші кіші топқа жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған, ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 35 жасқа жетпеген, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары бар, сонымен қатар, балаларды (баланы) ата-анасының біреуі тәрбиелеп отырған 35 жасқа толмаған, соның ішінде ажырасқан, жесір, толық емес отбасылар кіреді.
Екінші кіші топқа 1 топқа жатпайтын, аталған санаттар бойынша жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтар кіреді.
Кезектегі азаматқа өтініш беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық-санды қолтаңба алып, электрондық үкімет порталына кіру және Жылжымайтын мүлік бөлігіндегі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй алу үшін І және ІІІ топтағы азаматтардан өтініштер мен құжаттарды қабылдау қызметін таңдауы қажет.
Аталған қызметке тапсырыс беру кезінде тармақтардағы сұрақтарға жауап беру қажет (тіркелген жері туралы мәлімет, өзінде және отбасы мүшелеріндетұрғын үйінің жоқтығы туралымәлімет, байланыс телефондары және электрондық поштасы) және қажет кезінде алдын-ала сканерленген құжаттарды бекіту қажет.
Бюджеттік салдадағы қызметкерлер сканерленген жұмыс орнының анықтамасын, ал тұрғын үйде үлестері бар азаматтар соған сәйкес сканерленген құжаттарын бекіту керек.
Назарларыңызға: балалардың тууы туралы куәліктерін, неке қию туралы куәлігін (неке бұзу, № 4 нысандағы анықтама, әкесі деп тану туралы куәлік) 2008 жылға дейінгі құжаттар міндетті түрде сканерленіп бекітілуі қажет.