Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Евгений Лазарев қамауға алынды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті мен облыстық прокуратура тергеушілері күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы №2 Ақтөбе қалалық сотына өтінішхат түсірді.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен Е.В. Лазаревқа ҚР ҚК-нің 185-бабы, 3-бөлігімен, 287-бабының 3-бөлігімен («Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету», «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») көзделген қылмыстық құқықбұзушылық бойынша күдікке ілігіп отыр. Ақтөбе қаласының №2 соты Е.В.Лазаревқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен.