АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінен фотоаппарат ұрлағандар қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде мешітке тиісілі фотоаппаратты ұрлаған 45 және 33 жастағы күдіктілер ұсталды. Олар бұрын сотталған.
«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, мешіт ішінде ұрлық жасағандарды ұстады. Қазіргі кезде ұрланған фотоаппарат тәркіленді. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалып, күдіктілердің өзге қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
23.08.2018 года с мечети Нургасыр эти двое совершили кражу фотоаппарата canon6d Кто опознает сообщите
Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) 30 Авг 2018 в 1:31 PDT
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.