АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қандыағаш қаласындағы «Нұртай» мешітіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кеткен күдікті көп ұзамай ұсталды. Күдікті деструктивті діни ағымда жүрген қала тұрғыны болып шықты. Ал жиналған ақша мұқтаж отбасылар мен балаларға арналған болатын. Жәшікте 200 мың теңге болған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚК 188-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.