Бүгін Ақтөбеде бейбіт митингке келгендер жергілікті атқарушы органнан екі мәселені талап етті.
Біріншісі - митинг барысында қамауға алынғандарды босату. Бұл талап орындалды - ұсталғандар босатылды.
Екіншісі - сұйылтылған газ бағасын арзандату. Бұл талап та орындалды - сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысының Жаңаөзен және Ақтау қалаларындағы митингтен кейін Үкімет комиссиясы сұйытылған газ бағасының литрін 50 теңгеге дейін төмендеткен болатын.
Осыған байланысты Президент демонстранттарға үндеу жолдады.