АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Байғанин ауданында мотоцикл аударылып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Байғанин ауданының 49 жастағы тұрғыны мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «Урал» маркалы мотоциклімен Оймауыт ауылына бағыт алған.
Сол кезде рульге ие бола алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі Оймауыт ауылының медициналық амбулаториясына жеткізілген, кейін сол ауруханада көз жұмды.
«Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.