АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жаңбыр толассыз жауып тұр. Қала көшелері суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы 5 сорғы станциясы жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге су сору жұмысына 50-ден астам техника жұмылдырылды.
Қала көшелерін тазарту үшін 10 қол сорғылау станциясы жұмыс істеп тұр.
Сыйымдылығы жоғары 15 көлік те көшеде жүр.
Инертті материалдарды жеткізу соларға жүктелді. Әзірге суға кеткен аула жоқ.
«Судың көп бөлігі жолға жиналған. Жалпы көктемде су жиналатын, суға кетуі басым 40 аймаққа суағар салынады. Жұмыс жалғасып жатыр», - деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жомарт Бақытгелді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.