Нұршашқан Ізбасарова 2011 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын иеленді. 2013 жылы осы мамандық бойынша магистратураны тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасында қоғамдық жұмысшы болып бастады.
- 2011–2013 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында іс жүргізуші, 2013–2017 жылдары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман болып жұмыс істеген. 2017–2023 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды. 2023 жылдың сәуір айынан бастап осы басқарма басшысының орынбасары болды. Бұған дейін Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарған Әлімбек Тұралиев облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ бүгін Ақтөбе облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы қызметіне Қайрат Қуантайұлы тағайындалды.