АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе әкімдігінің ғимаратына көлік кіріп кетті. Оқиғаға қатысты фото əлеуметтік желілерге таралып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі уақытта Ақтөбе әкімдігің маңында полиция қызметкерлері жүр. Алдын ала белгілі болғаны, көлік облыс әкімдігінің негізгі есігіне кірген. Бұл ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі де растады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әкімдік ғимаратына жедел жөндеу жұмыстары жүруде.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.