АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында 10 жастағы бала суға батып кетті.
Оқиға бүгін болған.
Әйтеке би ауданының әкімі Даулетияр Тоғызбаевтың айтуынша, 2014 жылы туған бала Белқопа ауылының жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп кеткен. Ол балалармен сол маңда ойнап жүрген. Оқушының денесі судан шығарылды.
Айтып өтейік, көктемгі су тасқыны басталған тұста Ақтөбенің Байғанин ауданы Ебейті ауылында 4 жасар бала мерт болды.
Қазіргі кезде аудан әкімдіктері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.