Ақтөбеде оқушылардың улану дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе қаласында 6 оқушының астан улану дерегі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Полиция бірнеше сараптама қорытындысын күтіп отыр.

Фото: ҚР ІІМ

Ақтөбе қаласында оқушылардың астан улану дерегі бір ай бұрын тіркелген. 

- 13-14 қазан күндері №16 орта мектебінің 6 оқушысы облыстық клиникалық ауруханасына түсуі бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізді. Нәтижесінде мектеп ас блогында бұзушылық анықталмағандығы туралы шешім шығарылды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Осы оқиғаға қатыс полиция да пікір білдірді.

- Іс тергелуде. Сараптамалар тағайындалды. Соның қортындысы күтіп отырмыз,- деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мектепте жаппай улану дерегі тіркелді. Эпидемиолог мамандар төртеуінде гастрит, екеуінде сальмонеллез анықталған