АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде олимпиадалық резерв колледжі ашылды. Есет батыр атындағы мектеп-интернатының түлектері өз білімдерін аталған колледжде жалғастырып, оқытушы-жаттықтырушы мамандығын ала алады, деп хабарлайды «Диапазон».
Жаңа оқу жылында жергілікі билік дарынды балалардың кәсіби спортпен айналысуына барлық жағдайды жасады. Колледждің салтанатты ашылу шарасына облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысты.
«Облыс бойынша 8 мектеп және 3 колледж пайдалануға берілді. Олардың қатарында спорттың дамуына мүмкіндік беретін осы колледж де бар. Біз бұл оқу орнының Батыс аймақтағы ең беделді білім мекемелерінің біріне айналатынына сенеміз», - деді Ербол Нұрғалиев.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.