Ақтөбе облысында бір тәулікте 75 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның тең жартысына жуығы вирустың симптомды түріне шалдыққан.
«Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал алаңдата бастады. Өйткені 2021 жылдың соңғы 10 күндігінде 31 жағдай анықталса, жыл басынан бері 237 жағдай тіркелген. Яғни, соңғы 10 күн ішінде стационарлық емдегі науқастар жалпы саны 2 есе өсіп (23-тен 46 жағдайға дейін), оның ішінде балалар мен жүкті әйелдер саны 12 есеге артты (3-тен 35 жағдайға дейін). Сондықтан бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау секілді сақтық шараларын ұстануды және вакцина салдыруды ескертеміз», - деді Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.