Оқиға кеше сағат 17:15-те тіркелді.
Қараталға өрт сөндірушілер барғанымен, газ құбырын жапқан кезде өрт өздігінен өшті.
- Газды қарайтын ауылішілік слесарь бар. Жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан кезде ұшқыннан от тұтанып кеткен. Ауылға газ таратып тұрған құбырды тез арада жауып тастады. Сол кезде от сөнді. Ешқандай қауіп жоқ. Барлығы 6 сағаттан соң қайта іске қосылды. Мектеп, балабақша бізде электр тогы арқылы жылытылады, әзірге оларға газ қосылмаған еді. Сондықтан әлеуметтік мекемелерде жылу тұрақты беріліп тұрды. Ал газ құбырының қорапшасын қайта жөндеу кезінде қосалқы бөлшек керек болып, кідіріп қалдық, - деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.