АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Хромтау қаласында тұрғын үйден өрт шығып, 4 жəне 9 жастағы екі бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қабаттағы пəтер өртеніп, екі бала қаза болды.
«Оқиға орнына жеке құрамнан 7 адам және 2 техникамен қатар полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметі жіберілді. Өрт оқиғасы барысында 20 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 10 адам құтқарылды. Жану алаңы 10 шаршы метр. Өрт 20 минутта сөндірілді. Оқиға барысында 2009 және 2013 жылы туған екі баланың денесі табылды»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.