Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі бүгін таңертең үй өртенгенін хабарлады.
112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы АЗХС бау-бақша ұжымынан шақырту түскен.
Шақырту орнына 17 адам 3 техника жіберілді. Оқиға орнына жеткен кезде аумағы 35 шаршы метр болатын жеке үй жанғаны белгілі болды.
«Өрт дереу сөндірілді. Бірақ ол жерден 1984 жылғы ер адамның денесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырды.
Еске салсақ, Жаңа жыл түрі жеке тұрғын үй секторында үй жанып, бір әйелдің денесі табылған еді.
Ал сол үйде болған қария жансақтау бөліміне жатқызылды.