АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Темір мост ауылында үй өртеніп кетті. Үй иесінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін сағат 11:50-де Мұғалжар ауданы Темір мост ауылында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 техника жіберілді.
«Өрт 14:09-да толығымен сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады.
Оқиға орнында 1966 жылғы үй иесінің денесі табылды. Қазіргі уақытта өртенген үйдің бөлшектерін талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.