Ақтөбеде орыс мектептеріне сабақ беретін мұғалім тапшы

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысындағы мектептерге 265 мұғалім жетпейді. Көбіне орыс мектептеріне сабақ беретін кадр тапшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметіндеоблыстық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева баспасөз мәслихатын өткізді.Ақтөбе облысы бойынша биыл 19,5 мың бала 1 сыныпқа барады. Олардың 13 мыңнанастамы құжаттарын тапсырып, мектеп жандарынан ашылған тегін дайындыққа баруғамүмкіндік алды.

«Қазір облыста 21 мектептіңқұрылысы жүріп жатыр. Оның 10-ы облыстық, 11-і республикалық бюджеттенқаржыландырылып жатыр. Осы оқу жылында 15 мектеп пайдалуға беріледі. Мектепқұрылысы өңірдегі үш апатты және жеті үш ауысымды білім ордасының мәселесін шешугемүмкіндік береді. Негізі облыста 13 үш ауысымда мектеп бар», - деді облыстықбілім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Айта кетейік, Ақтөбе облысыбойынша 4, 9 және 10 сынып оқулықтары үшін бюджеттен 1,9 миллиард теңгеденастам қаржы бөлінді. Биыл өңірде оқулық тапшылысы мәселесі туындамауы тиіс.Дегенмен қосымша дәптерлерді және мектеп алды даярлық тобының оқулығыната-аналар өздері сатып алады.

Баспасөз мәслихатында кадртапшылығы мәселесі де айтылды. Қазір облыста 265 мұғалімнің орны бос тұр.Көбіне орыс тілінде білім беретін мектептерде кадр тапшы.

«Орыс тіліндегі мектептердебастауыш класс мұғалімі жетіспейді. Бізде педагогикалық колледж бен жоғары оқуорындары осы мамандық бойынша кадр дайындайды, бірақ бұл саланы таңдайтындаржоқ. Қазір орыс кластарына математика, физика, химия, география, орыс тілі менәдебиетіне облыс әкімінің де гранты тағайындалды. Бірақ талапкер жоқ, ниетбілдіргендер аз. Проблеманы шешу үшін балаларды мектептен дайындаймыз. Мәселен,педагог боламын деген балаларды 7 кластан бастап тәрбиелейміз», - деді облыстықбілім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Әзірге орыс сыныптарынасабақ беріп жүрген зейнеткерлер сол күйі жұмысын жалғастырады. Әрі Түркістан,Нұр-Сұлтан, Алматы секілді бірнеше қаладан келген кадрлар қыркүйекте жұмысқакіріседі.

Соңғы жаңалықтар