АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қараусыз қалған гараж жанып, бір адамның денесі табылды. Қазір оның кім екені анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов көшесінде болған.
Мұнда қараусыз қалған гараждан өрт шығып, оқиға орнына 12 адам мен 3 техника жіберілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданы 60 шаршы метр болатын гараж жанған.
Бұл қараусыз қалған нысан. Өрт жарты сағатта сөндірілді.
«Өрт сөндірілген соң қызметкерлер гараждың ішін қарап шықты. Онда ер адамның денесі табылды. Оттың қалай тұтанғаны тексеріліп жатыр»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.