Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жариялады. Кеңкияқ ауылдық округі бойынша барлығы 3 649 сайлаушы тіркелді. Оның 2 100-ден астамы өз таңдауын жасады. Екі адам бәріне қарсы болса, 10 бюллетень жарамсыз деп танылды. Кеңқияқ ауылының әкімі қызметіне үш үміткер ұсынылды. Оның ішінде Қасымхан Шуркин 1 449 дауыс жинады.
- Қасымхан Шуркин 1972 жылы дүниеге келген. «Кеңкияқ-СК» КМК-ның директоры. Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңкияқ ауылының тұрғыны. Ол «Amanat» партиясынан ұсынылған, - деп хабарлады Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.
Еске салсақ, Кеңқияқ ауылының әкімі Қуанышбек Серікжанов мамыр айының басында өз-өзіне қол жұмсады. Ол 2014 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. 2023 жылдың мамыр айынан Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2023 жылғы 15 қазаннан бастап Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, суицид дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс қысқартылды.