Ақтөбе облыстық аумақтың сайлау комиссиясының хабарлаунша, Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінде әкім сайлауы тағайындады.
- Ақтөбе облысы Темір ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысында Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындалды. Әкімі сайлау бойынша сайлау округі құрылды. Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 7-мамырдан басталды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық аумақтың сайлау комиссиясы. Кандидаттарды ұсыну 19-мамыр 18:00-де аяқталады. Ал кандидаттарды тіркеу 24-мамыр сағат 18:00-ге дейін жүреді. Содан кейін бірден үгіт-насихат басталып, ол 12-маусымға дейін жалғасады.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжановтың суицид жасағаны туралы ақпарат 6-мамыр күні шықты. Ақтөбе қаласының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Ол 2023 жылдың 15 қазанынан бастап Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.