Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар қызметі су тасқынының алдын алу жұмыстарына кірісті. Өткен жылдан сабақ алған құтқарушылар алдымен өзен арналарын тазартып, арықтардың жұмысын тексеріп жатыр. Сонымен қатар, су келген жағдайда әрекет ету жолдары айтылды.
«Жердің беткі қабаты қатып қалған. Сондықтан қар еріген кезде су елдімекендерге ағып келуі мүмкін. Ауылды су басу қаупі басым болған соң өзен арналарын тазартып, арықтарды қарап шықтық. Өткен жыл суға кеткен «ЭКО» бау-бақша ұжымының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Адамдар хабарлама түскен соң қажетті заттарын шатырға шығарып, өздері шығу керек. Олар жарық, газды сөндіруге міндетті»,- деді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасым.
Ақтөбе облысы бойынша барлығы 43 елді мекенді су басу қаупі бар. Төтенше жағдайлар қызметі аудан, ауылда да су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Елек өзенінің арнасы кеңейтіледі. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласына тура жол салып алған жасанды көпір жойылады. Ағын су келген кезде осы жерге тоқтап, жайылып кеткен. Өткен жылы үйлерді су басып қалған еді. Сондықтан осы қателік қайталанбас үшін бірлескен шешім қабылданды»,- деді Қайрат Қасым.
Айта кетейік, «Көктем-2018» оқу-жаттығуы кезінде Сазды, Ақтөбе, Қарғалы су қоймалары тексерілді. Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына 500-ге жуық техника дайындалды. Оның ішінде су арқасын бұру техникалары мен қайықтар, су соратын көліктері бар.