АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Барлығы 20 адам эвакуацияланды, оның 9-ы бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2 қараша күні сағат 09:02-де бес қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Пәтерден шыққан өрт жоғары қабаттағы балконды шарпыған.
«Өрт сөндірушілер бірден тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, өртті сөндірді. Екі адам автобаспалдақ арқылы эвакуацияланды. Барлығы 20 адам қауіпсіз жерге шығарылса, оның 9-ы бала. Зардап шеккен адамдар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өрт сөндіру жұмыстарына 41 қызметкер мен 10 техника жұмылдырылды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.