АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көпқабатты жатақхана өртеніп, 43 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде жатақхана өртеніп, пәтер иесін күйік шалды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 43 жастағы ер адамның денесінің 80 % күйіп қалған.
«Күйік шалған пәтер иесі жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол есін жимастан қаза болды. Пәтер иесі жалғыз тұрған. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сонымен бірге сот-медициналық және өрт-техникалық сараптамалары тағайындалды. Тергеу басталды»,- деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.