Жаңа перинаталды орталықта жүктілік пен неонаталды кезеңнің асқынуына байланысты медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Соның ішінде мұнда салмағы 500 грамм болатын шала туған сәбилерді күтуге болады. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин перинаталды орталықтың материалдық-техникалық жарақтануын қарап шықты. Осында бар барлық медициналық жабдық заманауи перинаталды технологиялардың талаптарына сай келеді. Әрбір операциялық және реанимациялық бөлме медициналық газды орталықтан беретін консольмен, наркозды тыныс алу аппараттарымен және ана мен жаңа туған сәбидің жағдайын бақылайтын мониторлармен жабдықталған. Медициналық көмек көрсететуге және жаңа туған сәбиді күтуге арналған бөлмелер ауаны залалсыздандыратын желдеткіш жүйесімен жабдықталған.
Жаңа медициналық мекемеде 190 кереует, сонымен қатар, 120 келушіге арналған кеңес беру-диагностикалық орталық бар. Перинаталды орталық штатында 600 жұмысшы еңбек етеді.
«Облыста жыл сайын 20-21 мың сәби өмірге келеді. Қалада үш перзантхана бар. Сонымен бірге аудандық ауруханалардың бәрінде перзентхана бар. Мамандардың біліктіктілігін жыл сайын арттырамыз. Олар Ресейге барады, таяуда Түркияда да болды. Орталыққа заманауи компьютерлік томография сатып алу жоспарда бар»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
01:35, 10 Желтоқсан 2021
Ақтөбеде перинаталды орталық ашылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде перинаталды орталық ашылды. Онда 190 кереует бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.