Оқиға 17 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 18:35-те болды. Ақтөбе теміржол вокзалындағы жерүсті көпірінен 22 жастағы қыз құтқарылды. Ақтөбе стансасындағы желілік полиция қызметкерлері Шыңғыс Қамбарбеков пен Жансерік Шаутенов көпірде тұрған қызды көріп, дереу әрекетке көшті.
«1997 жылы туған қыз көпірден секірмек болды. Полиция қызметкерлері өмірден түңіліп, қиналған қызбен сөйлесіп, бойжеткенге моральдық-психологиялық көмек берілді. Теміржол вокзалына әкеліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қыздың өмірін құтқарып қалған полиция қызметкерлері мемлекеттік наградаға ұсынылады», - деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.