Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының экс-орынбасары Алтай Аңшыбаев 2018 жылдың мамыр айында ұсталып, қамалды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша іс қозғалған. Бүгін Ақтөбе қалалық сотында үкім оқылды.
«Алтай Аңшыбаев Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін», - деді судья Гүлнар Тлепова. Сонымен қатар, сотталушы Ақтөбе облыстық полиция департаментіне 5,5 миллион теңге шығынды өтеуі тиіс. Экс-орынбасар полиция полковнигі шенінен де айырылды.
Айта кетейік, сот отырысына облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.