Қабылдау азаматтарға арналған бөлмеде өтті. Полиция департаментінің бастығы барлығы 15 адамды қабылдады.
Негізінен сұрақтар кейбір қылмыстық істерді, соның ішінде алаяқтық фактілерін тергеу барысына қатысты болды.
Сондай-ақ, азаматтарды көлік құралдарынан шектеулерді алып тастау және ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдау шарттары мәселелері қызықтырды.
«Тұрғындар алаяқтарға жиі алданып қалады. Бүгінгі кездесуде де сеніп, қаржысынан айырылғандар болды. Сонымен бірге қылмыстық істі тергеу барысына қатысты сұрақтар қаралды. Ардагеріміз де көмек сұрап, өзінің әлеуметтік жағдайын айтты. Біз оған қамқор боламыз», - деді Атығай Арыстанов.
Сонымен қатар, Facebook әлеуметтік желісінде Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың жеке парақшасы бар.
Онда азаматтар жұмыс уақытында ведомство басшысына өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша өтініш білдіруге мүмкіндігі бар.
Еске сала кетейік, бұл күні ПД барлық аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің бастықтары да азаматтарды қабылдады.
Азаматтарды қабылдау ай сайын жүзеге асырылады және облыс ПД бастығы онлайн қабылдауды апта сайын жұма күндері өткізеді.
Оған азаматтар 8(7132) 936-303 телефонымен жазыла алады.