Ақтөбедегі республикалық тасжолда полиция патрульдік кезекшілікте жүр. Жол қауіпсіздігін бақылау кезінде жолда қалған көлік жолаушылары жылыту бекетіне жеткізілді.
«Бүгін Самара - Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылында «Хундай» маркалы Тәжікстан азаматтары мінген көлік бұзылып қалды. Көлік ішінде 9 адам болған. Оның үшеуі бала. Жүргізуші оларды тастап, жақын маңдағы ауылға қосалқы бөлшек алу үшін кетіп қалған. Олар Ресейден Тәжікстанға бет алған екен», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов
Полиция қызметкерлері оларды жақын маңдағы дәмханаға жеткізіп, жүргізушіге көмектесті.