Ақтөбеде психологиялық көмек беретін желі іске қосылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде тұрғындарға психологиялық көмек беретін «Шұғыл желі» іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде тұрғындарға психологиялық көмек беретін желі іске қосылды. Күн сайын олар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін хабарласып, өзін мазалаған сұрақты қоя алады. Егер өңір тұрғынын отбасы, тума-туыс, оқу мен жұмыс жайы алаңдатса, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болса, мамандар көмек беруге әзір.

Байланыс телефоны: 418-700.

Сонымен бірге WhatsApp арқылы тәулік бойы кеңес беріледі. 7 747 102 70 03, 7 777 928 73 33, 7 705 234 33 03, 7 707 550 08 03.