Ақтөбе қаласындағы қайлығы оқиға Тургенев көшесінде болды.
Пышақ жарақатын алған Ақтөбе қаласындағы физика-математика мектеп-интернатының түлегі қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал қаза болған Азат Дүсіповтың ата-анасы баласының денесін ауылға алып кеткен.
Азат Дүсіпов №19 мектепті бітірді. Мектеп түлегінің әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы жазбалары сақталған. Ол: «Осымен 11 жыл өтті де кетті. ЕНТ. Күт 140 бал» деп жазба қалдырған. Ал өзге суретте мектеп түлегінің достары мен туыстары көңіл айтып, өзіне көп нәрсе айтып үлгермегендігін еске алған.
Айта кетейік, облыстық ІІД оқиғаны растағанымен, ақпаратты қай уақытта беретіндерін нақтыламады.