АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде боран күшейіп, Самара – Шымкент, Ақтөбе - Орск тасжолының бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«6 желтоқсан күні сағат 16:30-дан бастап боран күшейіп, жол бойы көрінбей қалды. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы маңындағы Бекқұл баба ауылынан Ырғыз ауданына дейінгі аралығы уақытша жабылды. Жүк және жеңіл көліктер жүрмейді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сағат 19:30-дан бастап Ақтөбе - Орск бағытындағы тасжолдың Пригородный ауылынан Ресей шекарасына дейінгі аумағы жабылды. Күн боран, көктайғақ. Айта кетейік, 7 қараша күні облыста желдің жылдамдығы секундына 16 метрге жетіп, қалың тұман түсуі ықтимал.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.