Сараптамалық талқылауға ғылыми интеллигенция, Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйым өкілдері, белгілі қазақстандық сарапшылар Марат Шибұтов, Ерлан Саиров, Андрей Чеботарев қатысты. Сараптамалық талқыға қатысушылар биылғы сайлаудың ерекшеліктерін түсіндірді.
«Демократия дегеніміз - халықтың билігі. Халықтың билігі сайлау арқылы жүзеге асады. Бұл сайлау еліміздегі саяси жүйенің эволюциялық тұрғыда өзгеруінің ең негізгі қарлығашы болуы ықтимал. Әрбір саяси жүйе эволюциялық тұрғыда дамуға мүдделі болса, өміршең болады, халыққа жақсы. Осы сайлау біздің еліміздегі үлкен жолайрық», - деді саясаттанушы Ерлан Саиров.
Сайлау алдында адамдар ойын ашық айтып, пікірін де білдіріп жатыр. Сарапшылар саяси модернизацияның ең негізгі нышандары сайлауда көрінетінін айтып берді.
«Қазіргі уақытта партия, қоғамдық ұйымдар өз кандидаттарын ұсынды. Әр кандидат өз бағдарламасымен таныстырып, қолға алған істерін айтады. Сонда халық өз таңдауын жасайды деп сенеміз», - деді саясаттанушы Андрей Чеботарев.
Жиын кезінде кандидаттардың тек БАҚ арқылы емес, өзінің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы да пікір білдіріп, халықпен ашық диалог өткізеді деп күтеді. Себебі қазір президенттікке үміткерлердің жеке аккаунттары бар, кейбірі өте белсенді.