АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде өкпе қабынуы дертіне шалдыққан саны артты. Ертең «Шағала» сауықтыру орталығы провизорлық стационарға айналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін Теміржол ауруханасы мен облыстық туберкулез диспансері толса, ертең 200 орынды «Шағала» сауықтыру орталығы қолданысқа беріледі. Сонымен бірге екі жеке емдеу мекемесінің басшысымен келісім жүріп жатыр. Олар да провизорлық стационар болады. Мұнда өкпе қабынуына шалдыққандар ем қабылдайды», - деді облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев.
Еске салсақ, облыста өкпе қабынуынан 47 адам көз жұмды. Қазір 1 мыңнан астам адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың 10-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.