Ақтөбеде шетелдік жұмысшыларды әкелуге заңсыз рұқсат берген шенеунік жазаланды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әдеп кеңесі шетелдік жұмысшыларды тартуға заңсыз рұқсат берген шенеунікке ескерту берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының қазіргі Байғанин ауданының әкіміҚайрат Отаров облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасының басшысы қызметінде жүргенде 25 шетелдік азаматтыңмұнай компаниясында жұмыс істеуіне заңсыз рұқсат берген.

Бүгін ол Әдеп кеңесінде басқарманың шетелдікжұмыс күшін тарту және халықтың көші-қон мәселелеріжөніндегі бөлімінің басшысы Роза Аленовамен бірге жауап берді.

«Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 519 бабы бойынша жауапқа тартылып,жергілікті атқарушы биліктің рұқсатынсыз шетелдік жұмысшыларды тартқаны үшінжазаланды. Сол үшін 1,6 миллион теңге айыппұл салынды. 2018 жылдың тамыз-желтоқсанайлары мен 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Восток нефть» компаниясына 25шетелдік жұмысшыны алуға заңсыз рұқсат берген. Көші-қон басқармасы облыстықжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бұлтуралы ескерту беріп, мұнай компаниясы әкімшілік жауапқа тартылғанын айтқан.Сондықтан тәртіптік жаза қолдануды сұраймыз», - деді Ақтөбе облысыпрокуратурасы басқармасының аға прокуроры Ерболат Еренов.

Әдеп кеңесіне келген қазіргі Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров өз әрекетінбылайша түсіндірді:
«Шетел азаматтарын кіргізуге комиссия құрылған. Сол комиссияны облыс әкімініңорынбасары басқарады. Әрі сол жерде көші-қон басқармасының өкілі болды. Ол дашетелдік жұмысшыларды әкелуге қарсылық білдірген жоқ. Комиссия қарсы болмай,біз бұйрық шығардық. Дегенмен кемшілікті мойындаймыз», - деді Қ.Отаров.

Тәртіптік істерді қарау нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес Қ.Отаровқа жәнеР.Аленоваға қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптікжазалар қолдануды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар