№ 2 Ақтөбе қалалық сотында полиция қызметкері Александр Бакшановқа қатысты істің үкімі шықты. Сотталушы Қылмыстық кодекстің «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану» бабы бойынша айыпты деп танылды.
- А. Бакшанов Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан, майор шенінен айырсын. Жазасын өтеу орны - қауіпсіздігі орташа мекемесі. Мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару саласында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау органдарында, авиация саласында, квазимемлекеттік субьектілерде жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырсын,- деді судья. Сонымен бірге сот құқық бұзушылыққа жол берген полиция департаментінің бастығына жеке қаулы шығарды.
Еске салсақ, сотталушы Бакшанов өз қызметтік өкілеттігігін асыра пайдаланып, 8 шетелдікке қатысты істі қысқартуды мақсат етеді. Олардың бір бөлігін әкімшілік жауапкершіліктен босатып, тек үшеуіне хаттама толтырады. Сот шешімімен Қазақстаннан шығарылуы тиіс адамдарды өз кабинетіне кіргізеді. Кабинеттегі жөндеу жұмыстары видеоға түсіп қалады.