15 сәуір Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен бірге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алға ауданының Маржанбұлақ ауылының кіре берісінде 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mazda-626 автокөлігін тексеру барысында ішінде ұнтақ заты бар 3 полиэтилен пакетін тапты.
Ұсталған адамның тұратын жерінен тағы бірнеше полиэтилен орамы және 100 zip-пакет алынған.
Сондай-ақ Жаңақоныс ауылында есірткі жасырған орын анықталып, онда ұнтақ заты бар орама алынған.
Жалпы салмағы 2 кг-нан астам «синтетика» тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігімен және 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті ҚПК-тің 128-бабының тәртібіне сәйкес ұсталды.
10:29, 20 Сәуір 2023
Ақтөбеде синтетикалық есірткіні жеткізу арнасы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде синтетикалық есірткіні жеткізу арнасы анықталды, деп хабарлайды polisia.kz сайты.