Ақтөбеде «SMART сот» пен «Түнгі сот» пилоттық жобасы нәтижелі іске асты

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла жартыжылдықты қорытындылап, пилоттық жобалардың тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының соттары 1048 адамға қатысты 949қылмыстық істі қарады. Оның ішінде 653 адамға қатысты 592 үкім шығарылды. Биыл17 адам ақталып шықты. Ал сотталғандардың 24,6% бас бостандығынан айырылды.

«Өткен жылдың 6 айында облыс соттары электронды түрде 3, биыл 126қылмыстық істі қарады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың судьялары 1112 өтінішті қараған. 2019 жылдың 6айында апелляциялық тәртіппен 177 іс келіп түсті, бұл 2018 жылдың сәйкескезеңіне қарағанда 40 іске аз. Барлығы есептік кезеңде облыс соттары азаматтықсот ісін жүргізу тәртібінде 13 532 істі аяқтады, 2018 жылдың сәйкес кезеңінде20 461 іс қаралған болатын. Істер санының азаюы «Қазақстан Республикасыныңкейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сотжүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендірумәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚазақстанРеспубликасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы Заңының қабылдануына байланыстытіркеліп отыр», - деді Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла.

Айта кетейік, 2019 жылдың 6 айында облыс соттары 12 233 әкімшілік істі қарап,205 іс татуласумен аяқталды. Облыс соттарында бірқатар пилоттық жобалар да іскеасты. Мәселен, «SMART сот» жобасы аясында 543 іс, «Түнгі соттар» 916 әкімшілікісті қарады. «Отбасылық соттар» бітімгершілік арқылы 567 істі аяқтаса, «Соттағытатуласу рәсімдері» жобасының шеңберінде облыс соттары 1895 істің нәтижесіншығарды. Сонымен қатар, өңірдің аудандық соттарында «Соттан тыс татуластырурәсімдері» жобасы табысты жүзеге асырылып келеді. Оның көмегімен дауды сотқадейін реттеу туралы 149 келісім жасалды.

Соңғы жаңалықтар