Оқиға бүгін сағат 09:00 шамасында тіркелді. Самара-Шымкент автожолының Ақжар ауылының маңында ГАЗель автокөлігі мен Toyota Аlhpard минивені соқтығысты. Салдарынан минивен жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
- Toyota Аlhpard минивенінің жолаушылары Хромтау ауданының ауруханасына жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, соңғы кездері өңірде жол-көлік апаты кезінде көліктің жану дерегі жиі тіркеле бастады. Бұған дейін Ақтөбе-Атырау тасжолында 8 адам көлік ішінен шыға алмай, жанып кеткен болатын.