Ақтөбе облысында биыл 10 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. 23 мамыр күні 9 және 11-сынып оқушылары соңғы қоңырау шарасына қатысады.
— Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлық құқықбұзудың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында қаржы жинауға, аниматорлар мен жеке студияларды жалдауға, көлік жалдап, шеру ұйымдастыруға, мектепке дейінгі ұйымдар мен 4-сынып оқушылары үшін салтанатты шара өткізуге тыйым салынады. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болады. Егер заң бұзу болған жағдайда білім беру ұйымының басшыларына қатаң шара қолданылады, — деді облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті мамыр айының соңына дейін күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Елімізді «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.
Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов балалардың қауіпсіздігі мен жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесін көтерді.