Ақтөбе қаласында қазіргі кезде су тасқынының алдын алу жөніндегі штаб жұмысын бастады. Қар шығару жұмысы әлі де жалғасып жатыр.
Жұмыс 24/7 режимінде жүргізіледі. Қаланың әр бөлігінде еріген қар суын төгуге арналған арнайы учаскелер бар.
Су тасқынына қарсы штабтың байланыс нөмірлері:
7132-41-09-27
7132-41-15-29
7 (708-51) 1-71-95
7 (700-73) 0-60-96
Сондай-ақ 109 нөміріне қоңырау шалу керек. Су айдау немесе инертті материалдарды жеткізу хабарламасын комиссиясы тексеріп, содан кейін ғана көмек беріледі. Көпқабатты үйлердің аула аумағының жай-күйіне үйлерге қызмет көрсететін мекемелер жауапты, — деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласында қар шығару, көктемде су сору жұмыстарына деп 400 млн теңге бөлінген.