ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлағандай, 300-ге жуық адам эвакуацияланды. Екі мектепте 23 эвакуациялық пункт құрылды. Онда 53 адам бар, 12-сі бала. 248 адам туыстарының үйіне жеткізілді.
«Аулаларды аралау жұмыстары жүргізілуде. Ілек өзенінің екі жағасында да хабарландыру тобы жұмыс істеуде. Қоғамдық тәртіп күзеті ұйымдастырылды. Әлеуметтік желі, телевидение арқылы хабарланып, смс-хабарлама жіберілуде, бақылау посттары қойылды», - деді Иманқұлов.
Су тасқынын жоюға ҰГ, Жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдардан 500-ден астам адам жұмылдырылды.