АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау кезінде жемқорлық белгілері бақалса, кез келген адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне хабар бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі кезде Антикор қызметі кешенді сараптама жүргізуді бастады. Осы кезде кез келген адам жемқорлыққа жол беретін фактілер туралы хабар берпі, қылмысты болдырмауға септігін тигізе алады. Құжаттар тексеріліп, шаруаның арызы, сот отырысы, сот шешімінің бәрі назарға алынады. Сонымен бірге арнайы топ тұрғындармен кездесіп, жағдайды сараптайды. Тұрғындар taldau@antikor.gov.kz поштасына немесе 7 778 668 99 20 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады»,-деп хабарлады Антикор қызметінің Ақтөбе облыстық филиалы.
Сонымен бірге шаруалармен байланысты «Атамекен» және Antikor орталығы арқылы орнату жоспарда бар.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.