АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе су қоймасына шомылуға түскен әйелді іздеп жатқан туған-туыстары жоқ. Алайда сүңгуірлер кешеден бері өзен астын шарлап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар кеше сағат 18:02-де түсті. Содан бері құтқарушылар су астында іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ.
«Оқиға су қоймасындағы Інжу және Алау демалыс орнының ортасында болған. Қала тұрғыны әйелдің киімшең суға түскенін, бірақ қайта шықпағанын хабарлады. Қазір іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге туған-туыстары іздеп жатқан жоқ. Сондықтан әйелдің кім екенін анықтау мүмкін болмай тұр» деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.