«Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан үйден 1996 жылы туған әйел секіріп кетті. Ол 8-қабаттан секірген. Қазір себебін анықтау жұмысы жүріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе қаласындағы 25 қабатты үйдің 18-ші қабатынан екі әйел секіріп кетті.
Оның бірі 31, екіншісі 56 жаста. Оқиға 24 сәуір күні сағат 01:48 шамасында болған.
Патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдынан екі әйелдің денесін тапты.
Қылмыстық кодекстің «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.